Алыпсатарлар пойыз билетінің бағасын өсіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алыпсатарлар пойыз билетінің бағасын өсіруде

17.10.2018

Алыпсатарлар пойыз билеттерін табыс көзіне айналдырып алды. Мереке күндері және адам көп жүретін бағыттарға билеттерді жаппай сатып алып, үстіне ақша қосып, қайта саудалайды. Бұл туралы арнайы брифингте «Қазақстан темір жолының» мамандары айтты. «Қазақстан темір жолы» және Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары арнайы тексеру жұмыстарын жүргізіп, бірқатар заңбұзушылық анықтады. Заңбұзушылыққа жол берген «ҚТЖ» мамандары да жауапқа тартылды. Бұл заңбұзушылықтар жол жүру ақысының өсуіне және билетсіз жолаушылардың көбеюіне әкеліп соқтыруда.

Исламбек Майшекин, «Адал жол» жобалық кеңсесінің басшысы:

-Алыпсатарлар көбінесе билетті онлайн алу тәсілін қолданады. Қазір біздің мамандар сатудағы қауіпсіздікті күшейтуді қолға алған. Яғни, билетті тек жол жүретін адам өзі алатын болуы керек.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу