Инвестициялық жобалар жемқорлықтан қорғалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инвестициялық жобалар жемқорлықтан қорғалады

16.10.2018

6 трлн. теңгеге жуық инвестициялық жобалар жемқорлықтан қорғалады. Бұл мәлімет Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен жиында айтылды. «Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасының жетекшісі Гүлмира Кабиеваның айтуынша, республика бойынша 162 келісімге қол қойылды. Ерекше белсенділік Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан жəне Қызылорда облыстарында байқалады. Сонымен қатар, шетелдік инвесторлармен келісім жасау бойынша жұмыстары да оң нәтиже көрсетті. Бекітілген 162 келісімнің 50 пайыздан астамы - шетелдік үлесі бар жобалар. 

Гүлмира Қабиева, «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасының жетекшісі:

- Осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиімді шаралардың бірі - инвесторлармен жəне кәсіпкерлік субъектілермен кері байланысты күшейту. Аймақтық фронт-кеңселерге ашылған күннен бастап 153 өтініш келіп түскен. Олардың 128-іне, яғни, 84 пайызына көмек көрсетілді.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу