Қазір қоғамның кез-келген саласында ерлермен қатар, жемісті еңбек етіп жүрген әйел азаматтар аз емес. Әлемдік статистикаға қарасақ, жұмыс істейтін әйелдердің 60 пайызы қызмет көрсету саласында еңбек етеді екен. Енді өз ісін ашып, кәсібін дамытатын әйелдер қатарын көбейтуге маңыз беріліп отыр.
Бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыл әйелдерінің 1-ші форумына дайындық барысы сөз болды. Онда сөз алған Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина «Қазақстан әйелдерінің ауылдық аумақтарды дамытуға қосқан үлесі» деген тақырыпты арқау еткен форум қарашаның 15-де өтетінін жеткізді.
Елімізде ауыл халқының саны 42 пйыздан астам болса, оның жартысына жуығы әйелдер екен. Енді осы ауылдарда тұратын іскер әйелдерді бизнеске бейімдеп, өз кәсібін дөңгелетіп әкетуіне барынша жағдай жасалмақшы.
Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутасы:
Сылдыр сөзбен сарай соқпай, нақты іспен бастайық деп, осы жұмысты бастағанымызға алты ждыл болды. Мақсатымыз – ауыл әйелдерінің потенциалын көтеру.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.