Қостанайда «Адал ұрпақ» патриоттар клубының слеті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда «Адал ұрпақ» патриоттар клубының слеті өтті

12.10.2018

Бұл ұйым еліміздегі көптеген мектептерде құрылған. Оған әрбір оқушы ерікті түрде мүше бола алады. Мақсат - жеткіншектерді жаман әдеттен сақтандыру. Табысын тек адал еңбекпен табуға тәрбиелеу. Іс-шараға облыстағы барлық мектептерден патриоттық клуб мүшелері жиналды. Слет аясында жастардың флешмобы ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлықтың зардабын көрсететін оқушылар суретінің конкурсы өтті. Мұнда балалар көпшілікті адалдыққа үндеу, жұртшылықты жаман әдеттен жиренуге шақырады. Байқау нәтижесі ойынша үздік туындылар іріктеліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.   

Арман Бердалин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілі:

- Бұл үшінші слет. Қостанай мектептерінің белсенділігін көрсетіп жатыр. Жемқорлыққа немқұрайлы қарамайтынын көрсетіп жатыр. Болашақта осы ұл-қыздар мемлекеттің тізгінін ұстайтын беделді азаматтар боларына сенемін.   

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу