Атырауда жұмыссыздық азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жұмыссыздық азайды

01.10.2018

Атырауда  жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шарада 25 кәсіпорын 800-ден астам вакансия ұсынды. Сонымен қатар, жәрмеңкеге Әділет департаментінің мамандары қатысып, борышкерлерге заңдық кеңес берді. Аймақта соңғы 6 айдың ішінде 1373 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Олардың басым бөлігі мемлекеттік қызметте еңбек етуде. Мамандардың мәліметінше, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы ықпал еткен.

Гүлнар Құспанова, Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры:

-Тұрақты жұмысқа қамтылған адамның пайызы 65. Былтыр 8 мың жұмыссыз тіркелсе,  биыл тек 6 мың адам тіркеліп отыр. Яғни жұмыссыздық деңгейі түсті.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу