Елордада жұмыссыздық азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жұмыссыздық азайды

26.08.2015
Елордада жұмыссыздық азайды

Астана қаласында жұмыссыздық деңгейі бірінші рет республика бойынша төменгі сатыға жетті, екінші тоқсанның қорытындысы бойынша елорда жұмыссыздық деңгейі бойынша көшбасшы позициясын алды, аталған көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 0,4 пайызға төмен.

Астана қаласында ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдайға сәйкес 10 мың 530 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы  3 мың 252 адамды жұмысқа орналастырды.

Жастар тәжірибесінен өтуге 325 түлек және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 400 адам қайта даярлауға жіберілді.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу