Білім мекемелеріндегі заңсыздық деректері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім мекемелеріндегі заңсыздық деректері

26.09.2018

Мектептегі оқушы мен мұғалімнің, мұғалім мен әкімнің арасындағы дау, жанжал, төбелес ақпараттар ағынында соңғы кездері жиі кездесіп жүр. Тіпті биыл жыл басында Қорғалжың ауданындағы ауылдық-округтің әкімі 8-сынып оқушысын мектеп ішінде соққыға жыққандығы туралы айтылды. Бұл жағдайға құқық қорғау органдарын айтпағанда облыс әкімі де түсініктеме берді. Сот нәтижесінде әкім мен оқушының ата-анасы татуласып, әкімге 36 мың теңге айыппұл салынды. Осыған ұқсас жағдай Алматы іргесіндегі Іле ауданында да болды. «Мұғалім мені ұрды» деген баласының бір ауыз сөзі үшін ата-анасы істің мән-жайын білмей тұрып, жас мұғалімге жұдырық ала жүгірген.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу