Мұнай бағасы 2 пайызға көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы 2 пайызға көтерілді

24.09.2018

Бүгін әлем нарығында мұнай күрт қымбаттады. Соңғы мәліметке қарағанда Brent маркалы шикізаттың 1 баррелінің құны Лондон биржасында 2,31 пайызға көтеріліп, 80 доллар 62 центке жетті. Ал, америкалық WTI сұрыбының бағасы 1,67 пайызға өсіп, 72 долларға жақындады. Мұнай нарқының мұнша жоғарылауына жексенбі күні Алжирде өткен кездесу себепші.

Онда Сауд Арабиясы бастаған ОПЕК елдері мен Ресей, АҚШ президенті Дональд Трамптың өндірісті арттырып, бағаны түсіру туралы өтінішін орындаудан бас тартты.

Кейбір трейдерлердің болжамынша, Вашингтон Иранға санкция жариялағандықтан, «қара алтын» құны жаңа жыл қарсаңында 90 долларға, келесі жылдың басында 100 долларға дейін көтерілуі мүмкін.

 

Арыстан РЫСБЕК  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу