Елімізде шағын және орта бизнестің 44 пайызын әйелдер басқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде шағын және орта бизнестің 44 пайызын әйелдер басқарады

21.09.2018

Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан екінші Еуразиялық  әйелдер форумына қазақстандық делегация қатысып жатыр. Олар өз жобаларын ұсынып, баяндама жасады. Жалпы біздің елде шағын және орта бизнестің 44 пайызын әйелдер басқарады. Өз ісін ашып, экономикаға үлес қосамын дегендерге мемлекет тарапынан қолдау орасан.

Мадина Жүнісбекова, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары: 

Әйелдердің әлеуетін арттыру экономиканың және қоғамның дамуына оң әсерін тигізеді. Оның үстіне біз халықаралық қаржы ұйымдарымен тәжірибе алмасамыз. Еуропаның қайта құру және даму банкімен бірлесіп жүзеге асырған жобамыздың нәтижесінде 13 мың 500 әйел несие алып, өз кәсібін ашты.

Ирина Унжакова,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Өзге мемлекеттерде әйелдерді заңнамалық тұрғыдан қорғау мәселесі қалай жүзеге асырылып жатыр, бұл мен үшін өте қызықты. Біз қатысқан сессияларда көп сұрақтарға жауап алдым. Беларусь Республикасында бала күту демалысы тек анасына немесе әкесіне ғана емес, ата-әжесіне де беріледі екен.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу