Елімізде 8 айда 7,7 млн шаршы метр баспана салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 8 айда 7,7 млн шаршы метр баспана салынды

20.09.2018

Жыл басынан бері Қазақстанда 8 миллион шаршы метрге жуық баспана салынған. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты. Құрылыс қарқынының артуына «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы жобалар мен жаңа «7-20-25» бағдарламасының іске қосылуы серпін берген. Министр аталған бағдарлама бойынша жаңа үйлерді салуға барынша тырысып жатқанын да айтты. Себебі, кейбір өңірлерде «7-20-25» бағдарламасы бойынша рәсімдейтін жаңа пәтерлер жетіспейді. Мысалы Солтүстік Қазақстан облысында бұл бағдарламамен тек бір өтініш қабылданғанын өткен жолы хабарлағанбыз. Себебі, өңірде жаңа үйлер жоқтың қасы. Министр Петропавлда жаңа үйлер салынып жатқанын айтып, олар жыл соңына дейін аяқталатынын айтты. Осылайша, министрлік құрылыс қарқынын арттырып, биыл бұл салада рекорд жаңартпақшы.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- Былтыр 11,2 млн. шаршы метр баспана берілген. Биыл 12 млн-нан асырамыз деп отырмыз. Бұл расында да рекорд. Есіңізде болса, Кеңес одағы кезінде «Жилье 91» деген бағдарлама болған. Ол кезде 6,5 млн. шаршы метр баспана салынатын. Қазір екі есе көп.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу