«Астана фильм» киностудиясы құрылатын болды. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті. Қазіргі уақытта оның тиімділігі мен жобаның құжаттамалары әзірленіп жатыр.
Сондай-ақ, кинематография туралы заң жобасы ұсынылып, депутаттар қауымынан бірінші оқылымда қолдау тапты. Кино индустриясы қарқынды дамып келе жатқан шақта барлық ережелер заңмен бекітілсе, саланың жұмысын біршама жеңілдетуге болады. Бүгінгі отырыста қазір жұмыс істеп тұрған ірі киностудия «Қазақфильмнің» де болашақ тағдыры нақтыланды.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.