ШҚО-да ана мен бала өлімі азаймай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да ана мен бала өлімі азаймай отыр

18.09.2018

Шығыс Қазақстан облысында бала өлімі азаймай отыр. Биылғы 6 айда 1 жасқа дейінгі 105 нәресте көз жұмған. Бұл былтырға қарағанда 22 пайызға көп. Сондай-ақ, осы жылы  Шығыстағы перзентханаларда үш бірдей жас ана бақилық болды. Мамандар қайғылы оқиғалардың себеп-салдарын әлі тексеруде. Ал, туысқандары әйелдердің өліміне дәрігерлерді айыптаған болатын. Өңірде ана және бала өлімін азайту үшін мамандар шұғыл  шара қолдану керектігін алға тартуда. Осы мақсатта Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысына Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері де қатысып, проблеманы шешудің жолдарын талқылады.  

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Ана және бала өлімі бойынша әрбір жағдайды тексергенде, медициналық көмек көрсету мекемелерінің кемшін тұстарын айтамыз. Бірақ, қайғылы жағдайдың нақты себеп-салдарына көп тоқталмаймыз. Мұндай фактілерді болдырмас үшін дәрігердің жұмысындағы әрбір қателікті, медициналық көмек көрсету стандартынан ауытқуды жіті талқылауымыз керек.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу