Жәпек батырдағы дау бітер емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәпек батырдағы дау бітер емес

14.09.2018

Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық аумағына қарасты Жәпек Батыр елді мекенінде тағы да шу шықты. Бұл бұрынғы су құбырының бітпейтін дауы. Тұрғындар бір ай бұрын әкімшілікке барып, мердігердің сапасыз жұмысына наразы екендіктерін айтқан. Алайда, жұмысты шала-шарпы жасаған жауапсыз мердігер Түркістан облысынан жаңа нысан алып ізім-қайым жоғалған. Екі ортада ауыл тұрғындары қыс ортасында сусыз қаламыз ба деп алаңдаулы.

Ащыбұлақ ауылында айғай-шу басылмай тұр. Себебі, ауызсу орнатамыз деген мердігер мекеме көшені қазып су құбырын жүргізу жұмыстарын бастағанымен, ешқандай нәтиже жоқ. Ауылды сумен қамту үшін тендерге мемлекет берген қаржы құмға сіңіп кеткендей, су да, мердігер де жоқ.  

Гуля Сағабекқызы, ауыл тұрғыны:

- Бізге осындай құбыр салып берсе, болды. Бізге ешбір әкімдер келіп, ештеңе айтқан жоқ.

Су құбырының диаметрі дұрыс келгенімен, қалыңдығы талапқа сай келмейді. Ауылдық аумақ әкімі бұл жолы да халықтың шақыруына құлақ аспай, іс-сапарға кетіп қалғанға ұқсайды. Ал, тұрғындар енді кіменн көмек сұрарын білмей дал.

Бекмырза Иманбеков, Ащыбұлақ ауылдық аумағы әкімінің орынбасары:

- Мердігер компанияның өкілі осы ауылдың азаматтарын бірге қатыстырып отырып, бұл мәселені шешеді. Әкім іссапардан келгенде мен осы сұрақтың бәрін жеткіземін.

Десе де, қыркүйектің суығына тоңа бастаған тұрғындар қақаған қыста сусыз отырамыз ба деген уайымнан арылар емес. Ұлттық арна ауыл халқының сусыз қалмауын назарда ұстаймыз.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу