Алматыда қазақ телевизиясының ардагері, кезінде Радиохабарлар мен теледидар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болған Хамит Хасеновке ескерткіш тақта орнатылды.
Ашылу салтанатына осы белді саланың ардагерлері мен көз көрген дос-жарандары, әріптестері және ұрпақтары қатысты. Тау тұлғаның есімін ел есінде сақтауға арналған тақта Абылай хан даңғылының бойындағы бұрынғы өзі тұрған үйдің қабырғасына ілінді. Ал, жиналғандар телевизияның дамуына елеулі еңбек сіңірген қайраткердің жақсы қасиеттерін еске алып, игі істерін болашақ ұрпаққа үлгі ету керектігін айтты.
Құсман Игісінов, Қазақ телевизиясының ардагері:
- Ерекше бір қасиеттері бар еді. Ол алдымен мысалы, сырт қарағанда кішкене қабағы түйсіңкіреп, салқындау, қаталдау көрінгенмен, ішкі жан-дүниесі мөп-мөлдір, тап-таза адам болатын. Әсіресе, бұл кісінің кісілігі жақсы еді.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.