Қарағанды облысының Тұзды ауылында білім бөлімінің мамандары сөгіс алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Тұзды ауылында білім бөлімінің мамандары сөгіс алды

11.09.2018

Қарағанды облысының Тұзды ауылындағы орта мектептің құрылысын кешіктірген білім бөлімі басшысының орынбасары мен есепшісіне қатаң сөгіс жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, қазір үш бірдей елді мекеннің 150-ге жуық оқушысы ескі әкімшілік ғимаратында оқып жатыр. Қуықтай тар бөлмелерде балалардың білім алуына еш жағдай жасалмаған. Мұнда не жарық, не су, не жылу жоқ. Ал асхана, спорт залы, әжетхана туралы айтудың өзі артық. Балалар жаңа мектепке тек қазан айында ғана көшеді. Себебі, құрылыс жұмыстары әлі бітпеген. Тендер тым кеш өткендіктен, қажетті қаржы уақытында бөлінбеген. Сондықтан, жөндеу жұмыстары да тек тамыз айында басталыпты. 

Рауан Рымбек, облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы:

- 45 пайыз жұмыс атқарылды. Қазіргі таңда жұмыс күші 3 есеге ұлғайтылды. Мердігерлердің айтуы бойынша, қыркүйектің аяғына дейін жөндеу жұмыстары бітеді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу