Қарағанды облысының екі әкіміне сөгіс жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының екі әкіміне сөгіс жарияланды

25.05.2020

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек коронавирустың өршуіне жол берген Теміртау қаласы мен Бұқар жырау ауданының әкімдеріне сөгіс жариялады. Басшылар пандемия кезінде сылбыр қимылдап, уақыт жіберіп алған және эпидемиологиялық тергеуді дер кезінде қолға алмаған. Теміртау мен Ботақара кенті қазір жеке оқшауланған. Дегенмен, «Қазақмыс» корпорациясының «Нұрқазған» кенішінде вирус жұқтырғандар саны 250-ден асып кетті. «Егер санитарлық дәрігерлер мен әкімдер дер кезінде шешім қабылдағанда, індеттің алдын алуға болар еді», - деді өңір басшысы. Енді карантин талаптарының сақталуын қатаң бақылауды тапсырды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу