Үлгілі отбасылар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үлгілі отбасылар марапатталды

10.09.2018

Отбасы – ең үлкен құндылық . Бұл ретте Елбасы айтып өткендей, елімізде ерлі-зайыптылардың ажырасуын азайтып, жастарға отбасы құндылықтары туралы  түсінік беру маңызды. «Нұр Отан» партиясының  Астана қаласы бойынша Өркениет филиалы отбасы күніне арнаған шара өткізді.

Оған медицина  саласында қызмет етіп, 20,30,40 жыл отасқан жұптар қатысты. Сол арқылы жастар үлгі-өнеге көрсетті.  Сонымен қатар көпбалалы аналар, алтын алқа иегерлері де бүгін марапатқа ие болды. Олардың барлығына бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

Бақытқали Ыбрайымов, Астана қаласының тұрғыны:

Біздің отбасы құрғанымызға 30 жыл толады. 4 баламыз, 3 немереміз бар. Бақытты шаңырақтың формуласы ол махаббат, сүйіспеншілік, бірін-бірі түсіну.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу