Түркістан облысы мен Шымкент қаласы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

07.09.2018

Қос әкім салтанатты жағдайда қол қойған бұл құжаттың мақсаттары мен міндеттері ауқымды. Атап айтсақ, əлеуметтік-экономикалық жəне кәсіпкерлік саласында, инфрақұрылымды дамыту, ғылым мен мəдениет саласында тығыз байланыс пен əріптестік орнату көзделіп отыр. Меморандум аясында өнеркәсіп, шағын жəне орта бизнес, денсаулық сақтау, мəдениет, құрылыс, цифрландыру, кәсіби аппарат жасақтау, тұрғын үй-коммуналдық жəне өзге де салалар бойынша əріптестік орнатылады.  Осы арқылы облыс пен қала бірге өркендеп, жаңа белестерді бағындырмақ.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі:

- Түркістан облысы мен Шымкент қаласының арасында мүмкін әкімшілік  шекаралар бар шығар, бірақ,  біз әрқашан бірге боламыз. Себебі, елді ешкім бөле алмайды. Бас жоспар бекітілген соң Жансейіт Қансейітұлы, бізге бір тапсырма беріңіз, бір ғимаратты Шымкент қаласы салсын.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу