Қажетті орта қалыптастыру жөнінде форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қажетті орта қалыптастыру жөнінде форум өтті

06.09.2018

«Қолжетімді ортаны қалыптастыру». Дәл осындай атауды арқау еткен республикалық семинар бүгін өз жұмысын бастады. Шараға мүгедек жандардың өмірін ыңғайлы ету үшін жанын салып жүрген қоғамдық ұйым мүшелері мен мемлекеттік орган қызметкерлері қатысып жатыр. «Шалғайдағы мүгедектердің мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі», «ірі қалалар кембағал жандар өмір сүруге қолайлы ма?», «мүгедектердің өмір сапасын жақсарту» бұл талқыға түскен негізгі тақырыптардың бір парасы ғана. Жалпы, еліміз бойынша 640 мыңнан астам мүгедек бар. Олардың 59 пайызы қалада тұрса, 41 пайызы ауылда өмір сүреді. Көбінің әлеуметтік жағдайы мәз емес. Мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан істер баршылық. Дейтұрғанмен, ол аздық етеді дейді мүгедектер.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу