Сот саласын цифрландыруға басымдық беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот саласын цифрландыруға басымдық беріледі

09.09.2023

Семейде сот жүйесін жетілдіру бойынша халықаралық форум өтті. Оған алыс-жақын шет елдерден сарапшылар қатысты. Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, саланы реформалауда ІТ технология мен жасанды интеллект енгізуге басымдық берілмек. Сот жүйесін цифрландыру – жемқорлықтың алдын алып, бюрократиялық процестерді азайтуға сеп болмақ. Семейде облыстық сот ғимаратының құрылысы басталды. Нысан келер жылы пайдалануға берілмек.

Асламбек Мерғалиев, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:

Мемлекет басшысы Қазақстандағы экономикалық блокты дамыту жөнінде, салық және бюджет саясатын өзгерту жөнінде, ІТ технологияларды қолдану, жасанды интеллектті дамыту жөнінде айтқан болатын. Соның аясында бүгін біз негізінде процесуалдық заңдарға өзгеріс енгізіп, ол жердегі бюрократиялық кейбір нормаларды өзгерттік.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу