Атырау облысында дала өрті өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында дала өрті өршіп тұр

04.09.2018

Атырау облысында дала өрті өршіп тұр. Көктем-жаз мезгілінде әлсін-әлсін тұтанған тілсіз жау күз келе күшейе түсті. Бірер күн бұрын қала маңындағы Дамбы және Пешной ауылдарында Жайық өзенінің жағасы өртке оранған болатын. Жедел жасақтың көмегімен екі тәулікте  5 гектар аумақты шарпыған қызыл жалын ауыздықталды. Алайда, қатты жел тұрып, 2 гектар алқап қайта өртенді. Бүгінде бұл аумақта 24 өрт сөндіруші мамандар жұмыс істеп жатыр. 

Аслан Камалов, Атырау облыстық ТЖД бас маманы:

- Алдыңғы өртті сөндірген болатынбыз. Бірақ, бүгін қайтадан өрт басталып өрттің басым бөлігі батпақты жерде болуына байланысты өртті сөндіру жұмыстары қиындады. Өрттің себебі анықталуда, болжаммен тұрғындардың абайсыздығынан болған. Қазіргі уақытта 6 техника, 24 адам жұмыс жасауда.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу