Батыс Қазақстан облысында дала өрті өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында дала өрті өршіп тұр

17.07.2014
Батыс Қазақстан облысында дала өрті өршіп тұр

Батыс Қазақстан облысында дала өрті өршіп тұр. Қазірдің өзінде 52 мың гектар аумақ отқа оранып, қу тақырға айналды. Алты адам қаза болып, келтірілген шығынның көлемі 114 миллион теңгеден асып түскен.

Ой мен қырды шарпыған тілсіз жаудың кесірінен «Мариель» шаруашылығы қысқа әзірлеп қойған мал азығынан түгел айырылды. Қураған шөптің жиі жануына  ыстық, әрі желді ауа райы әсер етуде.

Жыл басынан өңірде тіркелген өрт оқиғасы 320-ға жетті. Әрине, өртке себепкер болған азаматтар жауапкершіліктен құтылмайды. Биылдың өзінде 111 адамға айыппұл салынды.

Нұржан Қыжыкенов, мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы:

60 пайыздан астамы адами фактордан болып отыр. Өйткені, ауыл шарушалығы техникаларымен жұмыс істеген кезде шөп шабу науқандарында тракторлардың шоқтарды сөндіру құрылғылары болмай отыр. Сондай-ақ,  адамдардың темекі шоқтарын тастауынан болады.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу