52 адам тірідей жанып кеткен автобус оқиғасы: Кейбірінің телефондарына әлі қоңырау барып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

52 адам тірідей жанып кеткен автобус оқиғасы: Кейбірінің телефондарына әлі қоңырау барып тұр

03.09.2018

Осыдан 9 ай бұрын жыл басында Ақтөбенің Ырғыз ауданында 52 адам тірідей жанып кеткен автобус ісі бойынша бүгін  алғашқы сот отырысы өтіп жатыр. Оған Өзбекстаннан марқұмдардың туыстары  арнайы келді.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Негізі сот отырысы оқиға болған Ырғыз ауданында өтуі тиіс еді. Алайда, айыпталушылардың қорғаушыларының өтініші ескеріліп, Ақтөбе қаласына ауыстырылды.  Бұл іске қатысты 5 айыпталушы бар. Оның үшеуі автобус жүргізушісі, бірі механик және құрылтайшы. Сот отырысына Өзбек елінен 11 адам келді. Тағы 14-і жолда екен, Ақтөбеге жетіп үлгермепті.  Марқұмдардың туыстары ет жақындарының өлгеніне сенбейтінін, себебі, кейбірінің телефондарына әлі күнге дейін қоңырау барып тұрғанын айтты. Мүрдені оларға ашып көрсетпеген. Ал, Шымкенттен келген айыпталушылардың туыстары жүргізушілердің еш кінәсі жоғын айтты.  Олар жүргізушілерден бөлек, аман қалған екі өзбек азаматын да сотқа шақыруды сұрап отыр.

Естеріңізге салсақ, оқиға биыл қаңтардың 18-і күні болған еді.  Ресейге бет алған автобус өртке оранып, Өзбекстанның 52 азаматы тірідей жанып кеткен. Тек көліктегі қазақстандық  3 жүргізуші мен 2 жолаушы ғана аман қалды.

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.               

Хабарламаларға жазылу