Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас кеңсесіндегі конференц зал ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас кеңсесіндегі конференц зал ашылды

29.08.2018

«Біздің ұйым Азия құрлығындағы маңызды мәселелердің шешілуіне әсер ететін тетікке айналды». Бүгін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас кеңсесіндегі конференц залдың ашылуында ұйымның атқарушы директоры Гун Цзянвэй осылай деді. Шараға еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов және дмпломаттар қатысты. Қытай Халықтық Республикасы үкіметі бөлген грантқа аталған зал бастан-аяқ жарақталды. Заманауи құрылғыларды мәртебелі меймандар алғаш болып, тәжірибеден өткізді. Ұйымның бас кеңсесі 2016 жылы Астана қаласына көшірілген еді. Қазіргі таңда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске 16 мемлекет мүше.  

Гонг Цзянвэй, АӨСШК атқарушы директоры – елші:

- Біз үшін бүгін қос мерейлі күн қатар келіп тұр. Біз дәл осы күні Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің атаулы күнін атап өтіп жатырмыз. Кеңес 26 жыл бұрын құрылған еді. Аз уақыттың ұйым биік белестерді бағындыра білді.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу