Ақмола облысында республикалық жазғы білім лагерінің жұмысы жалғасуда. Білімді, талапты жастар жаңғырудың трендтері, креативті ойлау, прагматизм тақырыптарын талқылап, өзара пікір алмасуда. Ол үшін арнайы семинарлар мен қызықты кештер ұйымдастырылып жатыр. Лагерь жұмысы 26-шы тамызға дейін жалғасады.
Республикалық білім лагеріне келген жастардың бірі - Алексей Лодочников. Ол «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы. Балалар үйінде өскен Алексей қазақ тілін бала күнінен еркін меңгерген. Домбырада ойнап, түрлі жарыстардың жеңімпазы атанды. Мамандығы – «Дәстүрлі әнші». Лагерь аясында өткен жиында Алексей рухани жаңғыру тұрғысындағы ойларымен бөлісіп, Қазақстанның болашағына қатысты пікірлерін ортаға салды.
Алексей Лодочников, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы:
- Менің ойымша, әр адам өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, тарихын терең біліп, түсіну керек. Оны білген соң, әлемге танытуға мүмкіндік алады. Мен де Қазақстанда өмір сүріп жатқан соң, қазақ тілін меңгердім, домбырада ойнаймын. Мен өз елімнің патриотымын.
Нұргүл НҰРБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.