Алматыда қылмыстың алдын алу үшін 16 мың сергек камера орнатылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қылмыстың алдын алу үшін 16 мың сергек камера орнатылмақ

10.08.2018

Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңестің отырысында сөз алған Ішкі істер бөлімінің басшысы Серік Күдебаев айтты. 

Оның сөзінше, сергек камераларды жол бойына орнатқаннан кейін жол-көлік апатының көрсеткіштері төмендеген. Енді осы тәжірибе жаяу жүргіншілер жолы мен көпшілік орындарда қолданылмақ.

Қазір мегаполистегі қоғамдық орындардағы камералар ескірген. Ал, ірі мегаполистің шет жағындағы кейбір көшелердің бойында камера орнатылмаған. Осы себепті барлық көшелерге камера орнатылып, ескіргендері жаңаланбақ.         

Серік Күдебаев, қалалық Ішкі істер бөлімінің басшысы:

- Талдау жобасы бойынша қала әкімдігінен әрбір ауданға 2000 сергек камера орнатуға қаржы бөлінді. Бұл мегаполисте қоғамдық орындар мен көше бойларына 16 мың бейнебақылау камерасы орнатылады деген сөз. Сол арқылы қоғамдық орындардағы қылмысты төмендету мақсаты қойылып отыр. Егер бұл жоба жүзеге асса шаһардағы барлық тұрғын үйлердің аулаларындағы камераларды да талдау жобасына қосамыз. Бұл тәртіп сақшыларына жедел әрекет етуге көмектеседі. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу