Нұр-Сұлтанда 6 блок бекетте тексеріс жүргізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда 6 блок бекетте тексеріс жүргізіліп жатыр

09.01.2022

Қазір елордада жағдай тұрақты. Шаһар толығымен жедел бақылауда. Ал 6 блок бекетте күндіз-түні тексеру жүргізіліп жатыр. Толығырақ ахуалды полиция департаментінің баспасөз қызметкері Эльмира Шауленова баяндайды.

Эльмира Шауленова, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу үшін қалада құқықтық тәртіп жедел алдын-алу іс-шарасы өтіп жатыр. Егер күмәнді адамдар туралы ақпарат болса, полицияға хабар беруге болады. Аса қажет жағдай болмаса, қала аумағынан шықпауыңызды, үйде болуыңызды сұраймын.


Хабарламаларға жазылу