Оралда қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізіледі

09.08.2018

Енді оралдықтар жол жүру ақысын электронды карта арқылы төлей алады. Жаңашылдық «Смарт сити» тұжырымдамасы негізінде жүзеге асып отыр. Соңғы жылдары өңірде жолаушы тасымалында жаңашыл жобалар жүзеге асып келеді. Қоғамдық көліктің жүрісін бақылап отыру үшін 28 бағытқа қатынайтын 560 автобусқа GPS навигаторы орнатылып, «Infobus» бағдарламасы іске қосылды. Ұялы телефон арқылы жол ақысын төлеу мүмкіндігі де қарастырылған. Енді олардың қатарын электронды төлем карталары толықтырмақ. Тың бастаманы алғашқылардың  бірі болып №51 автобус сынақтан өткізді. 6 айдың ішінде 300 төлем картасы сатылып, 1000-нан аса транзакция жасалған. Ал, 13 тамыздан бастап № 5,7 және №39 қоғамдық көліктерге енгізіледі.

Мөлдір Бекеева, «Kaztransservice» компаниясының бөлім менеджері:

- Төлем картасының құны - 400 тг. Жарамдылық мерзімі - 5 жыл. Сатып алған сәтте бір реттік тегін жүру құқығына ие боласыз. Ал, егер картаны 2 мың және одан көп сомаға толтырсаңыз, әр жол жүруден 5 теңге бонус ретінде қайтарылып отырады.

 

Назерке ТОҚЖАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу