Жамбыл облысындағы төтенше жағдайдан кейін тасымалмен айналысатын компанияларға талап қатайтылып, тексерісті күшейту көзделді. Яғни, кеше Мойынты-Шығанақ бөлігінде жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кетуіне техникалық ақау себеп болған. Іркес-тіркес 11 вагонның бірінде дөңгелек орнатылатын рамасы сынып, 5 жолаушылар пойызы тұрып қалды. Ауыр жүк тиелген құрам «Иском Транс» серіктестігіне тиесілі. Келтірілген шығын есептелуде, оның өтеуін сол компания көтереді. Ал, сынған рама «Азовэлектросталь» зауытынан шыққан. «Бірақ, мамандар құрылғының жарамдылық мерзімі бітпеген», - дейді. «Тек салмаққа шыдас бермеген болар», - деп болжайды. Қайткенмен де, осы мәселеге енді назар аударылуда.
Марат Шәкенов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының қауіпсіздік бойынша орынбасарының міндетін атқарушы:
- Ондай вагондар бізде жекеменшік компанияларда жүргізіліп жүр. Біз министрліктерге вагондардың жүрулерін тоқтату жайында ескерту жазамыз. Техникалық байқауларын жасайды, солардың бәріне тексеріс жүргізеді де, одан кейін бізге нұсқау береді. Біз сол нұсқау бойынша қолдап, вагондарды ары қарай жүргізбеуге тырысамыз.
Жолаушылар пойыздарының қозғалысы кеше кешкісін қалпына келтірілді. Сапарлаушылар әр кешіккен сағаты үшін билет құнының 3 пайызын қайтарып ала алады.
Арман Сұлтанов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы:
- Кешіктірілген 5 пойызда 3200 жолаушы болды. Оқиға орнында біздің пойыз бригадаларымыз жақсы жұмыс атқарды. Сарышаған, Шығанақ және Шуда Қорғаныс министрлігімен бірге тамақтандыру ұйымдастырылды.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.