Астанада тапа талтүсте жаяу жүргіншілер жолағында азаматшаны көлік қағып кетті. Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тез тарап, қоғамның қызу талқысына түскен. Жол апаты кеше, яғни шілденің 25-інде Сауран көшесінің бойында болған. Жаяу жүргіншілерге жол беріп тұрған көліктің видеокамерасына барлық жағдай жазылып қалған екен. Онда «Опел» маркалы көлігі қатты жылдамдықпен келіп, екі азаматшаның бірін соққаны анық көрінеді. Қыз айтарлықтай қашықтыққа сұлай түсіп, жан дауысы шығып жатқаны видеода байқалады. Азаматша дереу емханаға жеткізілген. Ауыр жарақаттар алған. Ал, жүйткігіш жүргізушімен Ішкі іштер басқармасы айналысып жатыр.
София Қылышбекова, қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Сауран көшесінде болған жол оқиғасы бойынша қазір анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Полиция қызметкерлері барлық тиісті сараптамаларды тағайындап, материалдар жинақтап, анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ