Астанада 7 айда 3000 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 7 айда 3000 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналасты

26.07.2018

Биыл Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі арқылы 350 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты. Ізгілікті шара елордада бүгін де өткізілді. Жәрмеңкеге 100-ге жуық жұмыс беруші қатысты. Қала тұрғындарына 1000-нан аса жұмыс орны ұсынылды. Жалпы, әкімдік тарапынан халықты тұрақты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Мәселен, осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша, 3 мың адам тұрақты қызметке кіріскен. Бұдан өзге, осындай жәрмеңкелер аясында әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау, жастар тәжірибесіне жолдама беру, ақылы қоғамдық еңбек, кәсіби оқытуды ұйымдастыру сынды шаралар атқарылады. 

Қаламқас Күлшиманова, қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы:

- Астана қаласының 2800 кәсіпорнымен жұмыс атқарамыз. Ол жұмыс әлі жалғастырылып жатыр. Біз жұмыс берушілерді жұмыспен қамту орталығымен жұмыс істе деп шақырып жатырмыз. Халыққа пайдасы тиеді. Өйткені, оларға бір күннің ішінде жұмыс берушілерді қаланың ішінде іздеп керегі жоқ. Олар осының ішінде отырады. Сондықтан, жұмыс іздеп жүрген азаматқа өте ыңғайлы.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу