Алматы облысында жоғалған бала 12 күннен бері іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жоғалған бала 12 күннен бері іздестірілуде

25.07.2018

Алматы облысында жоғалып кеткен 7 жастағы бала 12 күннен бері табылмай жатыр. 2011 жылы туылған Ернұр Сәдуақасты 100-ден астам адам іздестіруде. Бұл туралы Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен әкімдік қызметкерлері және еріктілер кіріскен.

Айта кету керек, Жамбыл ауданындағы жайылымдардың біріне Ынтымақ ауылының бес-алты баласы қыдырып шыққан. Қазір балалардың барлығы ауылда. Тек Ернұр ғана үйіне оралмаған.

Азамат Жұртбаев,  Алматы облыстық ТЖД ресми өкілі:

Жайлауға 5 бала шығып кеткен. Сол балалардың хабарлауы бойынша, бес баланың ең кішісі жоғалған. Шілде айының 15-нен бастап іздеу басталды. Қазір іздестіру жалғасуда, әлі де нәтиже жоқ. Алдыңғы күні тікұшақ жұмылдырылды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу