Алматыда ағаштарды заңсыз кескен жұмысшыларға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Заң бұзғандардың әрекеттерін тұрғындар байқап, бейнетаспаға түсіріп алған. Жұмысшылар жас өскіндерге кедергі келтіретін кәрі ағаштарды кесіп жатырмыз, деп ақталған. Алайда, қай мекемеден екендігі туралы тіс жармаған. Өйткені, ағаштарды кесуге берілген рұқсат қағаздары да болмаған.
Амангелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.