Мемлекеттік қызметкерлерге қатысты тәртіптік іс қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметкерлерге қатысты тәртіптік іс қаралды

13.07.2018

Ақмола облыстық Әдеп жөніндегі кеңесте бірнеше мемлекеттік қызметкерге қатысты іс қаралды. Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облыстық департаментінің жетекшісі Құлмұхан Бегилов өзінің қарамағындағы қызметкерлерге дөрекілік көрсеткен. Сонымен қатар, оның өнеркәсіптік нысандарға жоспарсыз тексерулер жүргізіп, қызметтеріне кедергі келтіруге тырысқандығы айтылды.

Сандықтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Мәдина Дүйсенбаева да лауазымы төмен қызметкерлерге әрдайым дөрекі сөйлейді екен. Дәлел ретінде аудиожазба ұсынылды. Алайда, лауазымды тұлғалар өздерінің кінәсін мойындамады. Оған қарамастан Әдеп жөніндегі кеңес мүшелеріне екеуіне де «қызметінен босату» туралы шара қолдануды ұсынды.

Әлия Жанұзақова, Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы:

Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Мәдина Дүйсенбаеваның Әдеп Кодексінің нормаларын бұзуына қатысты қызметтік тексеру жүргізілді. Лауазымды тұлға өзінің қарамағындағы қызметкерлерге ауыр сөздер айтып, дөрекілік танытқаны анықталды. Бұл Әдеп нормаларына қайшы.  

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу