Елордада цифрлық коворкинг орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада цифрлық коворкинг орталығы ашылды

25.12.2020

Елордада Мемлекеттік басқару академиясының жанынан цифрлық коворкинг орталығы ашылды. Мұндай бірегей платформа елімізде алғаш рет іске қосылып отыр. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрғасы Алик Шпекбаев қатысты. 

Коворкингте Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап, ақынның голографиясын орнатқан. Бұл дәріс залда әлі 20-ға жуық кейіпкерлердің образы жасалады. Бұдан өзге бизнес алаң, конференц-зал, фриланс аймағы бар. Барлығы да соңғы технологиялармен жабдықталған. Орталық мемлекеттік қызметкерлерге, студенттер мен магистранттарға тегін қолданысқа беріледі. Өзге де жиындар мен іс-шаралар өткізуге болады.  

Хабарламаларға жазылу