Қапшағайда суға түсу маусымы қызып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапшағайда суға түсу маусымы қызып тұр

09.07.2018

Қапшағай су қоймасының жағасы қазір нағыз туристік аймаққа айналған. Қала басшылығы биыл ұзындығы 15 гектарлық жабайы жағалауда инфрақұрылымды дамытып, демалыс орындарын ашқан.

Бұрын қамысы қаптап, құмы бұрқырап жататын жер қазір шетелдік курорттар сияқты жайнап тұр. Соның әсері болар сенбі, жексенбі күндері орта есеппен мұнда 9-10 мың адам суға шомылуға келеді екен. Бүгін жаңадан ашылған жағалауды Мәжіліс депутаты Серік Үмбетов аралап көрді. Туристік маусымды пайдаланып, шағын және орта бизнеспен айналысып жатқан кәсіпкерлермен кездесті. Қала басшылығын қалған жағалауларды да осылай әрлендіріп, қызмет пен баға бойынша халыққа тиімді жағдай жасауды  тапсырды. 

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу