Баянауылда жасөспірім таудан құлап жарақаттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауылда жасөспірім таудан құлап жарақаттанды

09.07.2018

Шомылу маусымы басталғалы Баянауылда жазатайым жағдайлар жиілеп кетті. Кеше екі бірдей адам Жасыбай көлінде катамараннан құлап, суға батты. Қазір олардың мәйіті іздестірілуде. Демалыс күні де оқыс жағдай болып,  9 жастағы жеткіншек жартастан құлады. Баланың жағдайы мүшкіл. Жартас аса биік болмаса да жасөспірім таудың етегіндегі тасқа соғылған. Бас сүйегі опырылып сол жерде ес-түсінен айырылған. Қазір ауруханада жатыр.

Серік Шериязданов, ОТЖД жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары:

- Бала 2-3 метр биіктіктен құлаған. Жанында ата-анасы болыпты. Жоғарыға көтеріліп бара жатып, аяғы тайған. Біздің Жасыбайдағы құтқарушылар барып, зеңбілге салып түсірді. Бас сүйегіне қатты зақым келген. Тікұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу