Семейде қала тұрғыны жеделсатының шахтасына құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде қала тұрғыны жеделсатының шахтасына құлап кетті

10.11.2015
Семейде қала тұрғыны жеделсатының шахтасына құлап кетті
Қайғылы оқиға былтыр ғана қолданысқа берілген жаңа үйде болған.

Семейде қала тұрғыны 8-ші қабаттан лифтінің шахтасына құлап, ауыр жарақаттанды. Қайғылы оқиға былтыр ғана қолданысқа берілген жаңа үйде болған.

Тұрғын 8-ші қабаттан жеделсатыны шақырғанда, оның тек есігі ашылған. Мұны байқамаған ер адам төменге құлдилаған. Жанында болған әйелі көрші-қолаңды көмекке шақырғанымен, ешкім жеделсатыны аша алмаған. Тек төтенше жағдай қызметінің мамандары келіп көмектескен.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу