Алматыда еңбектерінің ақысын даулаған бір топ жұмысшының жалақылары берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда еңбектерінің ақысын даулаған бір топ жұмысшының жалақылары берілді

04.07.2018

Өткен аптада Алматыда еңбектерінің ақысын даулаған бір топ жұмысшының наразылығы туралы материал көрсеткенбіз. Сонда «Алтын Орда» базарының маңында салынып жатқан күре жолдың құрылысшылары «ақша алмағанымызға екі ай болды», деп шағымданған еді. Қазір олар тиесілі жалақысын алып, қайта жұмысқа кірісті. Құрылысқа жауапты «Дәулет-Дорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы бүгін бізге олардың есепшотына ақша аударылғандығын растайтын құжаттарды көрсетті. 

Берік Тілеукиев, «Дәулет-Дорстрой» ЖШС басшысы:

- Бізде кешіктіру 17 күнге болған. Қазіргі күнде айлықтары толық берілді. Бұған дейін ондай 2-3 ай деген кешіктіру болған емес. Бұл жерде айлықты 2-3 айға кешіктіру мәселесі бойынша ақпарат жалған деп айтқым келіп тұр. Себебі, кешігу негізі 17 күнге созылған. Себебі, біз бұл жерде жұмыс істеген кездегі процедуралары бар.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу