Келер жылы Татарстанның астанасы Қазан қаласында еліміздің сауда өкілеттігі ашылады. Бұл туралы бүгін екі елдің кәсіпкерлері арасында өткен бизнес-форумда айтылды. Бұл шараға көрші елден 20-ға жуық ал, Қазақстаннан 80-нен астам кәсіпорын өкілдері қатысты. Қазаннан негізінен жүк-көлік зауытының, тікұшақ және қайық құрастыратын зауыттың сауда мамандары келді. Жалпы, екі ел арасындағы тауар айналым 800 млн. долларға жеткен. Бірақ, соның 700 миллионы Татарстанның Қазақстандағы экспорты. Дегенмен, еліміздің тамақ өнімдеріне және мал етіне сұраныс жоғары. Алдағы уақытта осы саладағы сауда-саттық көлемі артқалы тұр. Осы мақсатта күзде Қазақстанның сауда миссиясы Қазан қаласына барады. Ал, келер жылы сауда өкілдігі ашылады.
Нұралы Бөкейханов, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы төрағасының орынбасары:
- Біздің жоспарымыз бойынша 2019 жылы Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілеттігі Татарстан Республикасында ашылмақшы. Бұл өкілеттік біздің кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Қазақстан өнімдерін дүкен сөрелеріне шығарады. Көтерме сауда компанияларына сатпақшымыз.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.