Шымкент жаңа келбетке енеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент жаңа келбетке енеді

10.03.2016
Шымкент жаңа келбетке енеді
Шымкент қаласында көлік нөпірін азайту үшін алты жолайрық салынады. Оның алғашқысының құрылысы биыл, қалғаны келер жылы басталады.

Сонымен қатар, маусым айында алғашқы велостанция іске қосылады. Осыған байланысты шаһардың орталық көшелері қайта жөнделіп, велосипедшілерге арналған жолақпен толығады.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы енді бірер жылда ірі сауда-логистикалық орталыққа айналуымен қатар, айрықша сәулеттік келбетке ие болады.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу