Түркістанға «жасыл технология» жүйесі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанға «жасыл технология» жүйесі енгізіледі

29.06.2018

Түркістан облысында қосымша қуат көзін өндіру үшін Күн мен жел электр станцияларын салуға инвестиция тартылады. Өңірді газбен жабдықтау ісінде ресурсты үнемдейтін жаңашылдықтар пайдалану көзделіп отыр. Ал, ауыл шаруашылығы саласында биотехнологиялар дамитын болады. Осы тірліктерді бірлесіп атқару мақсатында облыс әкімдігі мен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» арасында меморандум түзілді. Өңір басшысының айтуынша, бұл жобалар облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістан қаласының экономикалық әлеуетін жақсартуға мол мүмкіндік бермек. Бұл бағытта «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» «жасыл экономика» объектілерінің ақпараттық жүйесін қалыптастыру бойынша жобаның тұжырымдамасын әзірлегенін жеткізді. «Бұл кәсіпорындарға «жасыл» технологияның енгізілуін, сондай-ақ, дамуын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, жаңа жүйе Күн сәулесі, жел, су, биомасса және қалдықтардан баламалы энергия өндіру карталарын қамтиды», – деді орталық басшысы Рәпіл Жошыбаев.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу