1 шілдеден бастап мүгедектерге күтім жасайтын азаматтарға жаңа жәрдемақы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 шілдеден бастап мүгедектерге күтім жасайтын азаматтарға жаңа жәрдемақы беріледі

29.06.2018

Бала кезінен І топ мүгедектігі бар ересек жанды бағып-қаққан азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Мұндай көмекті ел бойынша 14 мың отбасы алады. Жәрдемақы мөлшері - айына 30 мыңға жуық теңге.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Ерекше қажеттілігі бар адамдарға қолдау шаралары кеңейтіледі. Оларға берілетін жәрдемақы өмір бойына тағайындалады. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы күтім жасауға сеп болады.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу