Жәрдемақының жаңа түрі тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәрдемақының жаңа түрі тағайындалды

04.07.2018

Осы шілде айынан бастап І-топтағы мүгедек балаларға күтім жасайтын ата-ана немесе туыстарына жәрдемақының жаңа түрі тағайындалды. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова есеп беру конференциясында айтты. Сондай-ақ, министрдің мәліметінше, 1 млн-ға жуық зейнеткердің базалық зейнетақысы да осы айда екі есеге өсті. Жаңа жүйеге сәйкес, әр адам өзінің зейнетақы мөлшері туралы негізгі талаптары мен ақпаратты «электронды үкімет» порталынан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» фронт кеңселерінен біле алады. Ал, жәрдемақының жаңа түріне еліміздегі мүгедек баласы бар 14000 отбасы ие болмақ. 

Мадина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Бұл бала кезден бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасап жатқан ата-аналарға және басқа да тұлғаларға берілетін жәрдемақы. Жәрдемақының көлемі қазіргі есеп бойынша 29690 теңге. Жыл сайын инфляция көлеміне байланысты өсетін болады.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу