Маңғыстаулық 2 мемлекеттік қызметші байқауда топ жарды. Олар бірнеше тіл білетін полиглот, тәжірибелі әрі жауапты мамандар. Бауыржан Тұяқов пен Рамир Алекберов «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауында 90 000 адамның ішінен озық шығып, ең үздік 20 адамның қатарынан көрінді. Жалпы, республикаға 4 маман жолдама алған болатын. Байқауға қатысушылар алдымен тест тапсырып, жоғары балл жинап, комиссия алдында жобасын қорғаған. Ұсынылған жобалардың бірі жастарды кітап оқуға баулитын бастама. Бұл жоба арқылы ұйымдастырушылар «жас буын кітап оқымайды» деген түсінікті жоққа шығармақ.
Бауыржан Тұяқов, Маңғыстау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:
- Кітап оқу клубын аштық. Дәл осындай клуб Жаңаөзенде ашылып жатыр. Кейін ауылдық жерлерге енгіземіз. Яғни, ауыл жастарын тартамыз. Ең маңызды кезең енді басталды. Енді оны ары қарай іске асыру керек.
Айсара АЙТМАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.