«Мемлекеттік тіл және БАҚ-2020» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мемлекеттік тіл және БАҚ-2020» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

26.06.2020

«Мемлекеттік тіл және БАҚ-2020» республикалық байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Оларды Мәдениет және спорт министрлігі марапаттады. Онлайн-режимде өткен шараға тікелей қосылуға тілек білдіргендер саны көп болды. Жеңімпаздарды министр Ақтоты Райымқұлова құттықтап, қолына қалам мен микрофон ұстаған қауымға сәттілік тіледі. Айта кетейік, бұл байқауда еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген 56 журналистің бір жыл ішінде жарияланған 116 материалы талқыға түскен еді. Олар «Үздік мақала», «Үздік сайт мақаласы», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік телебағдарлама» сынды аталымдар бойынша бақ сынады.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу