Еліміздегі аналитикалық орталықтардың даму бағыты қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі аналитикалық орталықтардың даму бағыты қандай?

25.06.2018

«Қазақстанның аналитикалық орталықтары – жаңғыртудың зияткерлік қоры». Дәл осы тақырыпта Елбасы кітапханасында ғылыми-практикалық  конференция өтті. Бұл іс-шара Президент қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Қазақстанның жетекші аналитикалық орталықтарының өкілдерінің қатысуымен еліміздегі басым даму бағыттарды іске асыру жөніндегі мәселелер талқыланды. 

Елдос Болатханұлы, Білім және ғылым министрлігі жанындағы ақпарат талдау орталығы жетекшісінің м.а:

- Бұл «IWEP»-тің 15 жылдығына арналғандықтан, осы институттың іс-тәжірибесінің нәтижелері, жалпы, сараптама орталығының бүгіні мен ертеңі талқыланды. Соның ішінде жекеменшік және мемлекеттік сараптама орталықтарының перспективасы қандай, осы сауалдар тұрғысында біршама мазмұнды пікірталастар өтті.

Әйгерім ШАЯХМЕТОВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу