Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты - жаһандық рейтинг көшінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты - жаһандық рейтинг көшінде

07.02.2018

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты - жаһандық рейтингке енген жалғыз отандық сараптамалық орталық.  Бұл туралы 2018 жылдың қаңтарында американдық университет қарамағында құрылған дүниежүзіндегі зерттеу және талдау орталықтарының жыл сайынғы жүргізілетін рейтингі нәтижесінде белгілі болды.

Американдық университет  «7815»  аналитикалық орталықтың 2017 жылғы қызметіне талдау жасаған. Оның 28-і қазақстандық орталықтар. Нәтижесінде Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 140-орынға ие болған. Ал, 2016 жылы 147-орында еді. Осылайша, орталық өзінің беделді мәртебесін тағы бір мәрте растады.

Сондай-ақ, бұл тізімде 55 түрлі аталым бар. Мәселен, «Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы жетекші аналитикалық орталықтар» номинациясында  стратегиялық зерттеу институты 4 позиция жоғары көтеріліп, 91-орынға ие болды. Қазақстандық өзге де орталықтар жекелей аталымдар бойынша алдыңғы орындарға жылжыды.

Жалпы, зерттеу жұмыстарына әлемнің 4 мыңнан астам сарапшысы мен саясаткері қатысқан. Ал, оны анықтау үшін орталықтардың жұмыс сапасы, беделі, бағыты сияқты 30-дан астам көрсеткіш ескеріледі.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу