Астанада әлемнің 17 елінен келген 150-ден аса студент халықаралық маңызды мәселелерді талқылауда. «Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық моделі-2018» атты конференцияда жастар 5 түрлі комитетке бөлініп, күн тәртібінде тұрған өзекті сұрақтарға өз шешімдерін ұсынбақ. Іс-шараға негізінен халықаралық қатынас мамандығында оқитын жастар қатысуда. Осылайша олар ой-пікірін білдіріп қана қоймай, өздерін үлкен саясаткер ретінде де сезіне алады. Конференция 4 күнге жалғасады.
Амина Али, Оңтүстік Африка Республикасы Претория университетінің студенті:
- Өтіп жатқан іс-шараға әлемнің әр түкпірінен жастар келіп отыр. Сондықтан да көзқарастар әрқилы. Мен Африка өңіріндегі кедейлік пен жалпы барлық елдерге жақсы таныс жемқорлық атты індетпен күресудің жолдарын ұсынамын.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.