Мемлекеттік қызметтердің 532 түрі оңтайландырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметтердің 532 түрі оңтайландырылады

21.06.2018

Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі қоғамдық кеңестің отырысында мәлімдеді. Сондай-ақ, Дәурен Абаев жасырын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер де анықталып жатқанын айтты. Ал, электрондық қызмет түрлерін дамыту үшін қолға алынған шаралар бүгіндері өз жемісін бере бастады. Мәселен, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ашылған цифрлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары тиімділіктерін дәлелдеп берді. Кей қызмет түрлеріне бұрын 3-4 күн кететін болса, қазір санаулы сағат қана жеткілікті. Сондай-ақ, министр қоғамдық кеңес мүшелеріне «Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасының орындалу барысын баяндап берді. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Кейбір мақсатты индикаторлардың орындалуына қарамастан, мемлекеттік бағдарлама сәтті жүзеге асырылды. Өйткені, еліміздегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, мемлекеттік қызмет көрсету мен БАҚ саласына қатысты көрсеткіштері жақсарғанын байқап отырмыз. Осы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру арқылы еліміздегі экономика саласын цифрландыруының келесі кезеңін дамытуға бағытталған базалық мүмкіндіктер құрылды. 

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу